АҚШ-та тұрақтап қалғысы келетін шетелдіктер енді жіті тексеріледі

275

"Антиамерикалық" деген ұғымның нақты анықтамасы берілмеген. 

АҚШ-та тұрақтап қалғысы келетін шетелдіктер енді жіті тексеріледі Фото: Baku.ws

АҚШ-қа келуші шетелдіктердің антиамерикалық көзқарастары жіті тексерілетін болады. Бұл туралы The Wall Street Journal газеті АҚШ-тың Азаматтық және иммиграциялық қызметінің (USCIS) жаңартылған нұсқаулығына сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Енді USCIS қызметкерлері грин карта, виза немесе жұмыс істеуге рұқсат беру туралы шешім қабылдау кезінде өтініш берушінің антиамерикалық немесе террористік ұйымдармен байланысы бар-жоғын ерекше назарға алатын болады. Егер шетелдік азаматтың антиамерикалық немесе антисемиттік идеологияны "қолдайтыны немесе насихаттайтыны" анықталса, оның өтініші қабылданбауы мүмкін. Десек те, "антиамерикалық" деген ұғымның нақты анықтамасы жазылмаған.

Жаңартылған құжатта қырғи-қабақ соғыс кезіндегі иммиграциялық заңнамаға да сілтеме жасалған. Тиісті заңда коммунистік немесе анархистік ұйымдардың мүшелеріне АҚШ азаматтығы берілмейтіні нақты көрсетілген. 

Ішкі қауіпсіздік министрлігі елде тұрып жұмыс істегісі келетін, бірақ мемлекеттік саясатты сынайтын адамдарға көз жұма қарамайтынын да алға тартты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу