АҚШ-та түрмедегі жемқорларды мерзімінен бұрын босатпайды

759

Депутат жемқорлық бойынша АҚШ-тан үлгі алуға шақырды.

АҚШ-та түрмедегі жемқорларды мерзімінен бұрын босатпайды

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев премьер-министр Асқар Мамин мен бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовке депутаттық сауал жолдады. Депутаттың айтуынша, жемқорлар ұрлаған ақша Қазақстанның мұнайдан тапқан бар табысынан 2 есе көп.

"Global Financial Integrity халықаралық сарапшыларының мәліметінше, Қазақстаннан офшорларға 160 млрд доллардан астам ақша заңсыз шығарылған. Былайша айтқанда, жемқорлар ұрлаған қаржы Қазақстанның тәуелсіздік жылдары мұнай сатудан жинаған қаражатынан екі есе көп. Сондықтан бұған дейін ұрланған ақшаны қайтару ғана емес, шетелге заңсыз капитал шығарудың алдын алу да маңызды. Жемқорлар ұрланған қаржыны шетелде жасырып үлгеруге тырысады. Олар сотталса да, 1-1,5 жылдан кейін мерзімінен бұрын шартты түрде бостандыққа шығуды, жасырған капиталына қол жеткізуді көздейді. Олар бұл қаражатты адал еңбегімен ешқашан таба алмаушы еді", – деді Азат Перуашев.

Депутаттың айтуынша, АҚШ-тың бірнеше штатында сыбайлас жемқорлықпен сотталғандар 10-15 жылға бас бостандығынан айрылады. Сондай-ақ, ол аталған елде жемқорды мерзімінен бұрын босатуға тыйым салынатынын ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу