АҚШ-та ТЖ режимі ұзартылды

791

Жақында коронавирус дертінен қайтыс болған тұрғындардың саны 500 мыңнан асты.

АҚШ-та ТЖ режимі ұзартылды

АҚШ президенті Джо Байден пандемияға байланысты енгізілген төтенше жағдай режимін ұзартты, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы Ақ үйдің ресми хабарламасына сілтеме жасап.

"COVID-19 пандемиясы азаматтардың денсаулығы мен елдің қауіпсіздігіне айтарлықтай қауіп төндіруде. Осы орайда 2020 жылдың наурызында күшіне енген ұлттық төтенше жағдай режимі 2021 жылдың 1 наурызынан кейін де жалғасуы керек. Мен төтенше жағдай режимін ұзартамын", – деді Байден.

АҚШ-та коронавирус дертінен қайтыс болғандар саны 500 мыңнан асты. Инфекция жұқтырғандардың саны 28 миллионнан көп. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2020 жылдың 11 наурызында жаңа коронавирус инфекциясының өршуін пандемия деп жариялаған еді. Осы күнге дейін әлемде 113 миллионнан астам адам вирус жұқтырып, оның 2,5 миллионы аурудан қаза тапты.

Табиғат Нұрболат

Фото: nbcnews.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу