АҚШ-та Украинаға көмекті қолдайтындар азайды

514

​Америка Құрама Штаттарының азаматтары арасында Вашингтонның Киев режиміне әскери және қаржылық көмек көрсетуін қолдау айтарлықтай төмендеді.

АҚШ-та Украинаға көмекті қолдайтындар азайды

Бұл туралы NORC зерттеу орталығы мен Associated Press агенттігі бірлесіп жүргізген сауалнама нәтижелеріне сілтеме жасай отырып, BBC News басылымы хабарлайды деп жазады Inbusiness.kz сайты.

Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, қазір азаматтардың 48 пайызы Украинаға көмек көрсетуді жақтайды, ал өткен жылдың мамыр айында бұл көрсеткіш 60 пайызды құрады.

Америкалықтардың 29 пайызы Вашингтонның мұндай саясатын қолдамайды, ал 22 пайызы Киев режимін қолдауды жақтамайды не оған қарсы емес.

Респонденттер мемлекеттік қаражатты Украинаға тікелей беруге қалай қарайтындықтарын білді. Сауалнамаға қатысқандардың 37 пайызы мұндай саясатты қолдайтыны анықталды, ал 38 пайызы қарсы. Азаматтардың 23 пайызы бұл сұраққа нақты жауап берген жоқ

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу