АҚШ-та ұшақ апатқа ұшырады

663

АҚШ-та ұшақ апатқа ұшырады

Сәрсенбі күні АҚШ-тың Джорджия штатындағы Саванна қаласының маңында С-130 Hercules әскери-тасымалдаушы ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бортта 9 адам болған. Олардың ішінен тірі қалғаны бар-жоғы туралы ақпарат тараған жоқ.

Бұған дейін апаттан кемі 5 адам қаза болды деп хабарланған.

Ұшақ Пуэрто-Рико Ұлттық гвардиасының 156-шы авиациялық бөлімшесіне тиесілі болған. Ол Аризона штатына бара жатқан жолында апатқа ұшыраған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу