АҚШ-та ұшақ апатынан төрт адам қаза тапты

319

Қазіргі уақытта апаттың себептері бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

АҚШ-та ұшақ апатынан төрт адам қаза тапты Фото: Pixabay.com

АҚШ-тың Иллинойс штатында бір моторлы ұшақ апатқа ұшырап, салдарынан төрт адам қаза тапты, деп жазады inbusiness.kz сайты kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, оқиға сенбі күні штаттың орталық бөлігінде болған.

– Ұшақ ашық далаға құлап түсті, бортта болған төрт адамның бәрі оқиға орнында қаза тапты, – деп мәлімдеді Колс округінің тергеушісі Эд Шниерс.

АҚШ-тың Көлік қауіпсіздігі жөніндегі ұлттық кеңесінің (NTSB) алдын ала деректері бойынша, әуе кемесі құлап бара жатып электр желілеріне соқтығысқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу