CBS News хабарлағандай, төтенше жағдай Кин қаласында 21 қазанда жергілікті уақыт бойынша сағат 18:55 шамасында болды.
Қала әкімшілігі өрт шыққанына қарамастан, үй тұрғындарының ешқайсысы зардап шекпегенін хабарлады, бірақ өкінішке орай, ұшақта болғандардың бірі аман қалмаған.
Әзірге әуе кемесінің бортында қанша адам болғаны айтылмайды. Оқиға орнында өрт сөндірілді. Апаттың себептері зерттелуде.
Алдын ала мәліметтер бойынша, экипаж қону кезінде қателік жасап, бар болғаны бір шақырым қашықтықта орналасқан ұшу жолағына жете алмай қалған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу