АҚШ-та ұсталған қазақстандық 15 жылға сотталды

954

АҚШ-та ұсталған қазақстандық 15 жылға сотталды

АҚШ-та ұсталған Қазақстан азаматы Ахрор Сайдахметов 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Оған "Ислам мемлекеті" террористік тобына материалдық қолдау көрсетті деген айып тағылып отыр. Бұл туралы Нью-Йорк штатының Шығыс округының прокуратурасының сайтында жарияланған.

Ақпаратқа сүйенсек, айыпталушы террорлық ұйымның құрамына кірмек болған. Сондай-ақ, Нью-Йоркте тұратын басқа да бес тұлғамен ымыраласқан. Енді сот шешімі бойынша 22 жасар Қазақстан азаматы жазасын өтегеннен кейін АҚШ-тан шығарылады.

Еске салсақ, Ахрор Сайдахметов 2015 жылы Джон Кеннеди атындағы халықаралық әуежайда ұсталды. АҚШ билігінің мәліметінше ол Түркияға бағыт алған ұшаққа отырып, одан ары Сирияға өтпекші болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу