АҚШ-та вакцинаның үшінші дозасын ересектерге егуге рұқсат беріледі

745

Бустерлік дозаны егу үшін Pfizer және BioNTech, Moderna компаниялары жасап шығарған препараттар қолданылады.

АҚШ-та вакцинаның үшінші дозасын ересектерге егуге рұқсат беріледі

АҚШ-тың Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет министрлігі жанындағы азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы елдің барлық ересек тұрғындарына COVID-19 вакцинасының үшінші дозасын егуге рұқсат беруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz Politico басылымына сілтеме жасап.

Осылайша миллиондаған америкалық қысқы мейрамдар қарсаңында ревакцинациядан өтеді. Бустерлік дозаны егу үшін Pfizer және BioNTech, Moderna компаниялары жасап шығарған препараттар қолданылады.

АҚШ билігін науқастар санының артуы алаңдатып отыр. Бұған дейін тек халықтың осал топтарын бустерлік дозамен егу жоспарланған еді.

Еске сала кетсек, бұған дейін америкалық Pfizer компаниясының бас директоры Альберт Бурла коронавирустық инфекцияға қарсы ревакцинацияны жыл сайын өткізу керек деп айтқан болатын. 

Табиғат Нұрболат 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу