65 жастағы Небраска штатының тұрғыны осы темекінің кесірінен көз жұмған. Бұл туралы жергілікті денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Ресми дерекке сүйенсек, ер адам мамыр айында бақилық болған, бірақ оның неден қаза тапқаны жақында ғана анықталды.
Айта кету керек, қазір жергілікті тұрғындарды вейп мәселесі қатты алаңдатып отыр. Бұл шылым түрін тартатын жасөспірімдердің қатары күн санап өсуде. Бүгінгі күнге дейін 800-ден астам вейп тартушы тыныс алу жолдарындағы проблемалары туралы шағымданып, дәрігерлерге жүгінген.
АҚШ-тың ауруларды қадағалау және алдын алу орталығының мәліметінше, денсаулығының нашарлауына шағымданғандардың көбісі құрамында марихуана бар вейпті "қара нарықтан" сатып алған.
Табиғат Нұрболат