АҚШ-та жасанды етке рұқсат берілді

754

Екі америкалық компания зертханалық жағдайда ет өндірісіне рұқсат алды. 

АҚШ-та жасанды етке рұқсат берілді Фото: static.dw.com

Америка Құрама Штаттарында зертханалық жағдайда өндірілген етті сатуға рұқсат етіледі. АҚШ ауыл шаруашылығы министрлігі Upside Foods және Good Meat екі фирмасына тиісті құжат берді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Нәтижесінде АҚШ зертханалық ет сатуға рұқсат етілген Сингапурдан кейінгі екінші ел атанды. Upside Foods басшылығы мұндай шешімді тарихи оқиғаға балап, жаңа дәуірдің басталғанын қуана хабарлады.

Екі америкалық компания да жасанды тауық етін өндірумен айналысады. Ол бордақыланатын және болат контейнерлерде өсірілетін жануарлар жасушаларының үлгісінен алынады.

Upside Foods және Good Meat екеуі де бастапқыда зертханалық етті қымбат мейрамханаларға жеткізуге ниетті. Өндіріс көлемі артқаннан кейін мұндай ет азық-түлік дүкендерінде де сатылатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу