АҚШ-та жатқан Ұлттық қор активтері нендей күйде?

608

Америка нарығында жаппай сатылым жүре бастады.

АҚШ-та жатқан Ұлттық қор активтері нендей күйде? Фото: Ашық дереккөзден

АҚШ мемлекеттік облигацияларының құны түскен соң, ондағы біздің Ұлттық қор активтерінің жай-күйі де алаңдатып отыр. Өйткені, Америка нарығында жаппай сатылым жүре бастады. Мәселен, Сауд Арабиясы осы жазда 3 млрд доллар құнды қағазын өткізіп жіберді. Ресей болса, 33 млн доллар активін саудалады. Қытай да АҚШ қазынасында жатқан облигацияларын 835 млрд долларға берді. Барлық мемлекеттер саудалай бастағанда Қазақстан ғана қимыл-қыбырсыз жатты. Оның себебін түсіндірген бас банкир "кәсіби командаға" имандай сеніп отыр екен. 

"Біздің Ұлттық қорды басқаратын командамыз өте профи команда. Жаңағы сіздің айтып отырған жағдайды олар алдын ала болжап, қандай құнды қағаздарға қай кезде сатып алып, қай кезде сатып алмау туралы шешімді алдын ала бақылап қарап отырады", - дейді ҚР Ұлттық банкі төрағасы Ғалымжан Пірматов.

Санаққа жүгінсек, Ұлттық қор активінің 62 пайызы АҚШ-та жатыр. Еуроаймаққа 12,5 пайызы, Ұлыбританияға 10, Жапония, Канада, Австралия елдеріне 5 пайызы инвестицияланған. Қор құрылғаннан бері яки 22 жылда орташа кіріс жылына 3 пайыз болды. Ал биылғы 7 айда инвестициялық табыс 4 млрд долларға жетті.

"Былтыр Ұлттық қордың инвестициялық кірістілігі төмендеп кеткен болатын. Бірақ биыл сол орнына келіп жатыр. Яғни біз сол кезде сатып жібергенде құнды қағаздарды. Қазір біз теріс табыстылыққа әкелетін едік. Қазір керісінше сол сатпағанның арқасында портфелде ұстап тұрғаннан кейін қазір оң кірістілік", - дейді ҚР Премьер-министрінің орынбасары  Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу