АҚШ-та жазушы Салман Рушдиге шабуыл жасалды

727

Жазушы бір көзінен айырылуы мүмкін.

АҚШ-та жазушы Салман Рушдиге шабуыл жасалды

75 жастағы жазушы Салман Рушди Нью-Йорктегі дәріс кезінде пышақ жарақатын алды, деп жазады inbusiness.kz сілтеме жасап.

Күдікті 24 жастағы Нью-Джерси тұрғыны Хади Матар қамауға алынды. 

Рушди сахнаға шығып, оны көпшілікке таныстырып жатқан кезде шабуыл жасалған. Куәгерлердің айтуынша, шабуыл жасаған адам бетпердеде болып, Рушдиге бірнеше рет пышақ сұққан. Күдіктіні ұстауға залда отырған адамдар көмектескен. 

Айта кетейік, Салман Рушди "Шайтанның өлеңдері" романының авторы. Бұл кітаптың жариялануы ислам әлемінде наразылық туғызған. 1989 жылы Иран жетекшісі аятолла Рухолла Хомейни жазушыны өлім жазасына кесуге бұйрық берген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу