АҚШ-та жел энергиясы газдан әлдеқайда арзанырақ

3101

Табиғи газды сатып алу немесе оны өндіруге қарағанда жел энергиясы жабдықтарын құрастыру мен пайдалану әлдеқайда тиімдірек болып отыр. 

АҚШ-та жел энергиясы газдан әлдеқайда арзанырақ

АҚШ-тың біраз өңірінде жел электр станциясын салу жанармайды сатып алғаннан гөрі арзанырақ. Бұл туралы елдің энергетика министрілігі айтты.

Министрлік өкілдері жел энергетикасы туралы 2018 жылғы құжатын жариялағаннан кейін осындай тұжырымға келді. Сараптау нәтижесі көрсеткендей, жыл сайын жабдықтардың бағасы арзандап келеді. Яғни табиғи газды сатып алу немесе оны өндіруге қарағанда жел энергиясы жабдықтарын құрастыру мен пайдалану әлдеқайда тиімдірек болып отыр. 

Оның үстіне жел энергетикасына салынатын салық көлемі де аз. Дегенмен жергілікті билік бұл жеңілдікті жуырда жою мүмкін, өйткені оған деген сұраныс тұрақталып келеді.  

АҚШ-та жел энергиясының бағасы 2009 жылға дейін өсіп, мегаватт-сағатына шамамен 70 долларға дейін жеткен болатын. Содан бері көрсеткіш тұрақты түрде кеміп, 2018 жылы оның бағасы мегаватт-сағатына 20 долларды құрады. 

Жергілік билік жариялаған құжатта 2050 жылға дейін газдың бағасы мегаватт-сағатына 10 долларға қымбаттайтыны жазылған. Қазірдің өзінде газ 20 доллардан асып кеткен. Яғни қазір АҚШ-тың бірқатар өңірінде табиғи газдың құны желдікінен қымбатырақ. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу