АҚШ-та жоғалғандарды іздестіру жұмыстары аяқталды

816

Наурыздың 3-інде дауыл тұрып, 23 адам көз жұмған еді, 4 тұрғын ауыр халде жатыр. 20 мың баспана жарықсыз қалды. 100-ге жуық құрылыс нысанына айтарлықтай зақым келді.

АҚШ-та жоғалғандарды іздестіру жұмыстары аяқталды

АҚШ-тың Алабама штатын есеңгіреткен торнадо салдарынан жоғалғандарды іздеу жұмысы аяқталды, деп хабарлайды 24.kz.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, ізім ғайып кеткендердің қатары 7 адам болған еді. Белгілі болғандай, олардың барлығы дін аман.

Естеріңізге салайық, долы дауыл штатқа наурыздың 3-інде соқты. Табиғат апатынан 23 адам көз жұмды. 4 тұрғын ауыр халде жатыр. 20 мың баспана жарықсыз қалды. 100-ге жуық құрылыс нысанына айтарлықтай зақым келді.

Қазір аймақты қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Ал мамандар апаттан келген шығынды есептеуге кірісті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу