АҚШ-та жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

159

Зардап шеккендер бар.      

АҚШ-та жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады Фото: yahoo.com

АҚШ-тың Теннесси штатында ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты CNN-ге сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, ұшақ ішінде 20-ға жуық адам болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, қаза тапқандар жоқ, алайда зардап шеккендер бар. Бұл туралы апат болған Таллахома қаласының өкілі Лайл Рассел мәлімдеді. Оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 12:15-те болған.

The New York Times апатқа ұшыраған ұшақтың De Havilland Canada DHC-6 Twin Otter маркалы екенін хабарлады. Бұл әуе кемесі парашютпен секірулерді ұйымдастыру үшін пайдаланылған.

Оқиға куәгерлерінің сөзінше, ұшақ Таллахома әуежайының маңында құлаған. Апаттың нақты себебі әлі анықталған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу