АҚШ-та жындыханалар саны артуы мүмкін

1366

АҚШ-та психикалық ауытқуы бар жандар арнайы ауруханалардың орнына, полиция бөлімшелеріне жеткізіліп жүр. Кейде изоляторға қамалғандардың 40 пайыздайын психикалық ауруға душар болғандар құрайды. 

АҚШ-та жындыханалар саны артуы мүмкін

Ақ Үй басшысы Дональд Трамп жиілеп кеткен атыстарға байланысты ел аумағында жындыханаларды көбірек салу керек деген пікірде. Ол қару-жарақ саудасын қатаңдатудан көрі, қарулы шабуылдардың азаюына осы әдіс көп септігін тигізеді деп есептейді. 

"Біз психиатриялық ауруханалар ашуымыз керек, өйткені психикалық ауытқуы бар адамдар емін-еркін көшеде жүрмеуге тиіс",–деді ол тілшілерге берген сұхбатында. 

Айта кетейік, АҚШ-та 50-60 жылдары жындыханалар жаппай жабыла бастап, ондағы науқастар да шығарылды. Қазір олардың басым бөлігінде медициналық сақтандыру жоқ, салдарынан тиісті ем қабылдай алмай жүр.

Бүгінде психикалық ауытқуы бар жандар арнайы ауруханалардың орнына, полиция бөлімшелеріне жеткізіліп жүр. Изоляторлардағы адамдардың шамамен 40 пайызын психикалық ауруға душар болғандар құрайды. 

Осы айда АҚШ-та үш рет атыс болды: 3 тамызда Эль-Пасо қаласында, 4 тамызда Дейтон қаласында, 14 тамызда Филадельфия шаһарында. Осы қайғылы оқиғалардың салдарынан 31 адам қаза тапты.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу