Бұған дейін 3 адамның зардап шеккені хабарланған еді. CNN басылымының дерегі бойынша, оқиға қаланың солтүстігінде болған. Қазір ол маңда мамандар жұмыс істеп жатыр.
Полицейлер сол аудандағы ғимараттардың бірінде есірткі саудасымен айналысқандарды ұстау операциясын жүргізген. Алдымен атыс ашқан екі қаскөйдің біреуі қолға түсірілді. Екіншісін тәртіп сақшылары алты сағаттан кейін қамауға алған.
Дәрігерлердің айтуынша, қазір жарақат алғандардың өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. Барлығы да ауруханадан шығарылды.
Ақ Үй өкілі Хоган Гидли атыс туралы Дональд Трамптың хабардар екенін жеткізді.
Табиғат Нұрболат