АҚШ-тағы осы мекеменің бірқатар филиалдарында 50-ге жуық адам ішек таяқшасымен уланғаннан кейін McDonald's фастфуд мейрамханаларының акцияларының бағасы күрт құлдырады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
АҚШ денсаулық сақтау органдары хабарлағандай, McDonald's-та тамақтанған егде жастағы қария жан тапсырған, тағы он адам ауруханаға жатқызылды.
Барлығы он штатта 49 улану жағдайы тіркелді. Құрбандардың ең көп саны Колорадо мен Небраска штатында тіркелді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу