АҚШ Қарулы күштерінің Оңтүстік қолбасшылығы Эквадормен бірлесіп, террористік ұйымдар деп танылған есірткі саудасымен айналысатын топтарға қарсы күресті бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Интерфакс агенттігіне сілтеме жасап.
"3 наурыз күні эквадорлық және америкалық қарулы күштер Эквадор аумағында террористік деп танылған ұйымдарға қарсы операцияны бастады. Біз ұзақ уақыт бойы террор, зорлық-зомбылық және жемқорлық әкелген есірткі лаңкестеріне қарсы батыл әрекет етеміз", – делінген АҚШ Қарулы күштері Оңтүстік қолбасшылығының әлеуметтік желісідегі хабарламасында.
Хабарламаға сәйкес, генерал Фрэнсис Донован Эквадор қарулы күштерінің бұл күрестегі белсенді әрекетін жоғары бағалаған.