Клэртон қаласындағы (Пенсильвания штаты) US. Steel компаниясының болат құятын зауытында болған жарылыстан бірнеше адам жарақаттанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Пенсильвания губернаторы Джош Шапиро әкімшіліктің қала билігімен тығыз байланыста екенін жеткізді.
"Пенсильвания штатының төтенше жағдайлар қызметі мен полиция жедел әрекет ету қызметтерімен тығыз байланыста отыр және оларға барлық қажетті көмектерді ұсынуға дайын", – деп жазды губернатор X әлеуметтік желісінде.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу