АҚШ-тағы бүлік өршіп барады (Видео)

1116

Полиция өкілінің заңсыз әрекетінен жаппай бүлік туындады.  

АҚШ-тағы бүлік өршіп барады (Видео)

Тегі африкалық Джродж Флойдтың 25 мамырдағы қазасы АҚШ-тың брінеше ірі қаласында дүмпу туғызғаны белгілі. Қайғылы оқиғадан бері аптаға жуық уақыт өтсе де Миннеаполис қаласындағы қарсы шерулердің тоқтайтын түрі жоқ. Өткен түнде ашулы халық қайта көшеге шығып, полиция жасақтарымен қақтығысқа түскен.

Еuronews агенттігінің хабарлауынша, бір түннің ішінде бірнеше дүкен мен кәсіпорын, полицей бекеттері отқа оранған. Миннесота штатына қарай АҚШ Ұлттық гаврдиясының 500 жауынгері жолға шығыпты.

Ал Аljazeera арнасы нәсілдік сипаттағы оқиғадан тұтанған шеру оты Миннеаполистен бөлек Нью-Йорк, Маями, Лос-Анджелес сияқты ірі қалаларды шарпығанын айтады.

Еске салсақ, 25 мамыр күні 46 жастағы Миннеаполис қаласында тегі африкалық Джордж Флойд полицей өкілдерінің көз алдында жан тапсырған болатын. Дүкен кассирі марқұм жалған банкнотпен есеп айырыспақ болды деген уәжбен полиция шақырады. Артынша оқиға орнына келген тәртіп сақшылары күдіктіге қарсы орынсыз күш қолданды деген айыппен жұмыстан қуылып, біреуінің үстінен қылмыстық іс қозғалып жатса да, нәсілшілдікті тоқтатуды талап еткен халық тынышталмай жатыр.

Ресми ақпарат бойынша, Джордж Флойд жүрек талмасынан көз жұмған. Оқиға куәгерлері полиция өкілдері нәсілі бөлек азаматтың жедел жәрдем шақырту туралы өтінішін құлақтарына да ілмеген. Бұл ақпарат қоғам арасында қызу талқыға түсіп, бірнеше сағаттың ішінде жұрт көшеге шыға бастаған. Кейбір деректер бойынша, қақтығыстар кезінде 19 жастағы жігіт қайтыс болған.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу