АҚШ-тағы бүлік:Трамп халыққа бункерден сәлем жолдады

885

Наразы топ Ақ үйге басып кірмекші болған. 

АҚШ-тағы бүлік:Трамп халыққа бункерден сәлем жолдады

Апта бұрын басталған бүлік АҚШ Президентін бункерге жасырынуға мәжбүр етті. Бұл туралы Еuronews бастаған әлемнің жетекші ақпарат құралдары жарыса жазып жатыр.

"АҚШ қалаларында төрт мыңнан астам адам жаппай шерулерге қатысып, полициямен қақтығысқан. Елдің ірі қалаларында жарияланған комменданттық сағат тәртібін бұзғандар да бүлікшілермен бірге қамауға алынып жатыр. Вашингтондағы ұлттық гвардияның тұтас құрамы полициямен бірге көшедегі тәртіпті қалпына келтіруге жұмылдырылды. Наразы топ Ақ үйге басып кірмекші болып, Президенттің күзет қызметі мемлекет басшысы мен бірінші ханымды, олардың ұлын бункерге жасырды. Кейін Дональд Трамп өзінің Твиттерінде Халықаралық фашизмге қарсы күрес ұйымын аталмыш тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деп күдіктенетінін айтып, оны АҚШ билігі "террористік ұйым" деп жариялайтындарын ескертті", - деп жазады Еuronews.

Ал Associated Press арнасының хабарлауынша, ел астанасында ғана көшедегі жұртты тарату үшін ұлттық гаврдияның 1200 сарбазы шығарылған. Еске салсақ, 25 мамыр күні Миннеаполис қаласында тегі африкалық азаматтың полиция қолынан қаза табуы бүлікке ұласқан болатын.

Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу