Флоридада Милтон дауылының салдарынан миллионнан астам үйлер мен кәсіпорындар электр қуатынсыз қалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты AP агенттігіне сілтеме жасап.
Дауыл Флориданың батыс жағалауына 10 қазанға қараған түні жетті. Кейін жел қарқыны біршама әлсіреді, сондықтан Ұлттық дауылды бақылау орталығы оған 2-санат берді. Алайда, Флорида түбегіндегі Милтон жүріп өткенше өзінің "дауыл" атына сай болады.
Алдыңғы түні АҚШ президенті Джо Байден Флорида штатының бірқатар шенеуніктерімен, атап айтқанда Орландо қаласының мэрі Бадди Дайермен, Сарасота округінің мэрі Лиз Альпертпен және Флорида конгресінің депутаттары Гус Билиракис пен Кэти Кастормен телефон арқылы байланысқа шықты. Ақ үйдің баспасөз қызметі хабарлағандай, президент дауылдың әсерін жеңу үшін қосымша қолдау қажет болса, Ақ Үйге тікелей қоңырау шалуды сұрады.
Сонымен қатар Байден апат аймағындағы адамдарды қауіпсіздік талаптарын орындауға шақырды.
"Бұл сөзсіз өмір мен өлім мәселесі", – деді ол.
Флоридаға жақындап келе жатқан дауылдың салдарынан АҚШ президенті Германияға сапарын кейінге қалдырды, онда ол "Рамштейн" форматында Украина бойынша байланыс тобының кездесуіне қатысуы керек еді.
Милтон дауылы америкалық экономикаға миллиардтаған доллар шығын әкеледі деген болжам бар. Апат аймағынан екі миллионға жуық адам эвакуацияланды.
Федералды төтенше жағдайларды басқару агенттігінің (FEMA) өкілі Дин Крисвелл Флорида тұрғындарын "үйлерінде қалуға" және жақын жерде баспана іздеуге шақырды, өйткені Милтон дауылы штат бойынша қозғалысын жалғастырады.