АҚШ-тағы демонстранттар полицияға дес бермей отыр

1245

Мәселеге Миннеаполистегі жағдай түрткі болған.

АҚШ-тағы демонстранттар полицияға дес  бермей отыр

Әділдік талап етіп, ашынған халық дүкендерді қиратып, өртеп, тонауға көшті. Осыдан кейін Аризона, Калифорния штатында бір аптаға дейін комменданттық сағат жарияланды. Мәселеге Миннеаполистегі жағдай түрткі болған.

Онда Джордж Флойд есімді афроамерикалық полиция қолынан жан тапсырған еді. Әлімжеттік көрсеткен тәртіп сақшыларының төртеуі жұмыстан шығарылды. Біреуі ғана абайсызда кісі өлтірді деген күдікпен қамауға алынған.

Халық әділетсіз шешімге наразы болып, жаппай көшеге шығып жатыр. Олардың 500-ден астамы қамауға алынды. Ақ үй жанында да жанайқайын жеткізіп жатқандар бар. Осы оқиғаға қатысты Лондондағы АҚШ елшілігі жанына мыңдаған адам жиналып, наразылық білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу