АҚШ-тағы ипотекалық несие мөлшерлемелері 2000 жылдан бері ең жоғары межеге жетті, келесі жылы көрсеткіш айтарлықтай төмендеуі мүмкін, деп хабарлады Ипотекалық банкирлер қауымдастығы (MBA).
Ұйым сарапшылары 2024 жылдың соңында 30 жылдық тұрғын үй несиелерінің орташа пайыздық мөлшерлемесі 6,1%-ға дейін төмендейді деп болжайды. 2025 жылдың соңына қарай олар көрсеткіш 5,5%-ға дейін төмендейді деп есептейді. Өткен аптада көрсеткіш 7,67% болды.
Сонымен қатар, мөлшерлеменің төмендеуі әлеуетті үй сатып алушылардың белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді және 2024 жылы берілген ипотекалық несиелердің жалпы көлемі 19%-ға өсіп, 1,95 трлн долларға жетуі мүмкін.
Салыстыру үшін, рекордтық көрсеткіш 2021 жылы тіркелді, сол кезде АҚШ банктері 4,4 трлн долларға ипотека берген.