Десе де, аталған елдің заңсыз мигранттарды қоныстандыратын лагерьлерінде Қазақстан азаматтары жоқ, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
БАҚ өкілдеріне берген жауабында Е.Қоныспаев АҚШ-тағы заңсыз жүрген ел азаматтарының санын нақтылай алмайтынын, бірақ министрлікте бұл туралы ақпарат барын айтқан.
– Вашингтондағы Қазақстан елшілігі және басқа да консулдық мекемелер АҚШ-тағы азаматтарға қатысты тұрақты есеп жүргізіп тұрады. Жақында біздің елшілік АҚШ-тың көші-қон саясаты бойынша мәлімдеме жасады. Яғни, аталған елде заңсыз жүрген адамдарға тиісті шара қолданылмақ. Дәл қазір заңсыз жүрген адамдардың нақты санын айта алмаймын. Бірақ олардың барлығына ескерту жолданды. Шамамен қанша адам заңсыз жүргені туралы ақпарат бізде бар. Сыртқы істер министрлігіне сауал жолдасаңыздар, олардың санына қатысты нақты мәлімет береміз, – деді ол.
Өткен жылы АҚШ-та депортацияға жататын мигранттардың арасында 369 қазақстандық бар екені туралы ақпарат тараған еді.