АҚШ-тағы қазақстандық дипломаттың қызын ит қауып алды

1351

Ит қапқан бала бет және мойын жарақаттарымен Бронкс ауданындағы "Jacobi Hospital" ауруханасына жеткізілді.

АҚШ-тағы қазақстандық дипломаттың қызын ит қауып алды

Кеше жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 08.00-де Нью-Йорк қаласының Ривердейл ауданында Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігі қызметкерінің 4 жасар қызын питбуль иті қауып алған.

Ит қапқан бала бет және мойын жарақаттарымен Бронкс ауданындағы "Jacobi Hospital" ауруханасына жеткізілді.

Мойын жіп пен тұмылдырықсыз тосыннан шыға келген ит анасымен бірге балабақшаға бару үшін үйінен автокөлікке беттей берген бүлдіршінді талаған. Баланы иттен арашалап алуға сол маңда өтіп бара жатқан ер кісі көмектесіпті. Оқиға орнына жедел жәрдем келіп, баланы ауруханаға жеткізген.

Еліміздің сыртқы істер ведомствосының мәліметінше, баланың өміріне қауіп төндіретін жарақаттар жоқ. Дәрігерлер қажетті ота жасаған. Қазіргі таңда баланың жағдайы тұрақты, бірнеше күн ауруханада болады.

"Полиция тергеу жұмыстарын жүргізуде. Баланың отбасы иттің иесін сотқа беруді жоспарлап отыр. Қазақстанның Нью-Йорк қаласындағы Бас консулдығы барлық қажетті қолғабыс көрсетуде",– делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу