Вашингтондағы Кеннеди орталығы Трамп–Кеннеди орталығы деп қайта аталды. Бұл туралы Ақ үй хабарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
BBC жазуынша, АҚШ-тың 35-інші президенті Джон Кеннедидің туыстарының арасында бұл шешімге қарсы шыққандары бар.
Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливиттің айтуынша, директорлар кеңесі Кеннеди орталығын қайта атау туралы шешімді бірауыздан қабылдаған. Ол Дональд Трамптың соңғы бір жылда ғимаратты сақтап қалу жолында атқарған еңбегі зор екенін баса айтты.
Орталық 1971 жылы салынған. Оған Джон Фицджералд Кеннедидің есімі берілгеннен бері кешен Вашингтонның көрнекі орындарының біріне айналған.
Бейсенбі күні Доғал кабинетте сөйлеген сөзінде Трамп бұл шешімге таң қалғанын жасырмады. Бұған дейін ол Kennedy Center Honors премиясының жыл сайынғы марапаттау рәсімінде атауды өзгерту мүмкіндігін әзілмен жеткізген.
Қызметіне кіріскеннен кейін Трамп орталықтың директорлар кеңесіндегі барлық мүшелерді қызметтен босатқан. Олардың орнына өз одақтастарын тағайындады. Кейін олар Трампты басқарма төрағасы етіп сайлады. Ал Трамптың кеңесшісі, арнайы тапсырмалар жөніндегі уәкілі Ричард Гренелл директорлар кеңесінің төрағасы атанды.
Ақ үй басшысы Конгрестен осы орталықты күрделі жөндеуден өткізу үшін шамамен 257 миллион доллар бөлдіруге көндірді. Таяуда мұнда футболдан әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімі өткен.