Сауда қорытындысы бойынша америкалық нарықтың индекстері рекордтық деңгейге жетті. АҚШ-та жасалған вакцинаның тиімділігі жоғары деген жаңалықтан кейін, нарықта осындай динамика байқалып отыр.
Dow Jones өнеркәсіптік индексі 1,6%-ға өсіп, 29 950,44 пунктке жетті. S&P 500 индекстері 1,2%-ға көтеріліп, 3626,9 пунктке табан тіреді.Сонымен қатар Russell 2000 да рекордтық межеге жетті: 2,4%-ға артып, 1785,34 пункт болды. Бұл индекс ішкі экономиканың негізгі барометрі саналады. Жоғары технологиялық компаниялардың динамикасын көрсететін Nasdaq Composite индексі болса, небәрі 0,8%-ға өсіп, 11 924,13 пунктке жетті.
Осы аптада инвесторлар жоғары технологиялық акцияларды жаппай сатып алуды тоқтатқан. Apple акциялары сауда қорытындысы бойынша 0,9%-ға, Facebook-тікі 0,7%-ға, Microsoft компаниясыныкі 0,3%-ға қымбаттады. Ал Netflix акциялары 0,77%-ға, Zoom Video Communications компаниясыныкі 1,1%-ға арзандады.
Табиғат Нұрболат