АҚШ-тағы Disney Pixar студиясы өз қызметкерлерін қысқартуы мүмкін

Дереккөздерге сәйкес, қызметкерлерді жұмыстан босату іске асырылады, бірақ компаниядан қанша адам кететіні әзірге белгісіз. 

АҚШ-тағы Disney Pixar студиясы өз қызметкерлерін қысқартуы мүмкін Фото: pixabay.com

Disney Pixar кейбір шоуларды аяқтағаннан кейін, студияда жұмыс істейтін қызметкерлер қатары артты. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін, TechCrunch компаниясы Pixar студиясының биыл 20%-ға дейінгі қызметкерді жұмыстан босататыны, ал студияның 1300 адамнан тұратын командасы алдағы айларда 1000-нан аз адамға қысқартылатыны туралы хабарлады.

Алайда, студиядағы дереккөз бұл көрсеткішке қарсы шығып, Pixar қанша қызметкердің жұмысынан айырылатынын әлі анықтай алмағанын және жұмыстан босату мүмкін емес екенін алға тартты.

Айта кетейік, 2022 жылы компанияны өзгерту үшін оралған Диснейдің бас директоры Боб Игер компания шығындарды тежеу үшін өзі шығаратын ағындық контентті азайтатынын  мәлім етті. Сондай-ақ, ол үшінші тұлғаларға шоулар мен фильмдер жасауға лицензия береді.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, өткен жылғы маусымда Pixar студиясы 75 жұмыс орнын жойған болатын. Бұл сол кездегі студия жұмыс орындарының он жылдағы алғашқы айтарлықтай қысқаруы болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу