АҚШ-тағы мұнай қоры азайғаннан кейін, шикізат қымбаттады

1463

Қазір Brent сұрыпты мұнай баррелі 56,3 долларға саудаланып жатыр.  

АҚШ-тағы мұнай қоры азайғаннан кейін, шикізат қымбаттады

Құрама Штаттардағы мұнай қоры азайғаннан кейін, "қара алтын" бағасы көтеріле бастады. Сонымен қатар Қытайда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар санының азаюы да нарыққа оң әсерін тигізді.

Ресми дерек бойынша, Brent сұрыпты мұнай баррелі 0,7%-ға қымбаттап, 56,3 доллар болды. WTI фьючерстерінің бағасы 0,7%-ға өсіп, бір баррелі қазір 52,98 долларға саудаланып жатыр.

Мұнай бағасы жыл басында соңғы айлардағы ең жоғары деңгейге жеткен еді. Бірақ өткен аптадан бастап теріс динамика орнады. Сарапшылардың айтуынша, нарықтағылар енгізіліп жатқан шектеу шараларының қалай жүзеге асатынын және вакцина егу процесінің қаншалықты сәтті болатынын бақылайды.

Табиғат Нұрболат

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу