АҚШ тағы он қытайлық компанияны қара тізімге қосады

642

22 наурызда Қытай ЕО-ға қарсы қатаң санкциялар салған еді.

АҚШ тағы он қытайлық компанияны қара тізімге қосады Фото: reuters.com

АҚШ президенті Джо Байденнің әкімшілігі Шыңжаң-Ұйғыр аймағындағы адам құқығының бұзылуына байланысты қара тізімге кемінде он қытайлық компанияны енгізбек, деп хабарлайды Inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Америка Құрама Штаттары бұл шешімін ресми түрде 9 шілдеде жариялайды. 
Агенттік дереккөздерінің мәліметінше, кем дегенде он компанияға қарсы экономикалық шектеулер енгізіледі.

22 наурызда Қытай ЕО-ға қарсы қатаң санкциялар салған еді.Бұған Еуроодақтың Бейжің Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық аймағында адам құқығын бұзды деген "нотациясы" түрткі болды. Санкциялар Брюссельдегі он жеке тұлға мен төрт ұйымға әсер етті. Оның алдында ЕО СІМ басшылары Қытайдың төрт азаматы мен бір ұйымын санкциялар тізіміне қосу туралы ортақ шешім қабылдаған еді. 
Наурыз айының басында Newlines Institute аналитикалық орталығы Қытай БҰҰ конвенциясының геноцид қылмысының алдын алу және бұл қылмыс үшін жазалау туралы тыйымдарының әрқайсысын бұзғанын, сондықтан Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр аймағындағы ұйғыр мұсылмандары мен басқа да мұсылман азшылықтарына қатысты әрекетін оларды жоюға бағытталған деп санауға болатынын хабарлаған еді. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу