АҚШ-тың батыс жағалауында орман өрті басылмай тұр, деп хабарлайды Inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. Мамандардың айтуынша, бұған құрғақшылық пен жоғары температура себеп болып отыр.
11 шілдеде Орегонның Кламат округіндегі Спраг Ривер қаласының жанында 580 шаршы шақырым жерді қызыл жалын шарпып, көршілес Калифорниядағы үш электр желісінің жұмысы тоқтап қалды. Осы орайда мемлекеттік энергетикалық компаниялар Калифорния тұрғындарын электр қуатын үнемдеуге үндеуде.
Бұл штаттың өрт сөндірушілері осы жылы орман өртіне қарсы күресті қарқынды түрде жүргізбек. Ондағы өрттің ауданы 348 шаршы шақырымға дейін жеткен. Сакраменто штатының астанасы маңындағы Плумас және Лассен округтерінде 3 мыңға жуық адам эвакуацияланды.
Вашингтон штатында өрт 155 шаршы шақырым жерге таралған.
Айдахо штатының губернаторы Брэд Литтл өткен аптада төтенше жағдай жариялап, штаттың ұлттық гвардиясын өрт сөндірушілерге көмектесу үшін жұмылдырған еді.
Табиғат Нұрболат
Фото: sfchronicle.com