АҚШ-тағы президент сайлауы аяқталды

1101

Биыл америкалықтар белсенділік танытып, дауыс беру құқы бар 255 млн азаматтың 100 млн-ы пошта арқылы күні бұрын таңдау жасады. 

АҚШ-тағы президент сайлауы аяқталды

АҚШ-тағы президент сайлауы аяқталды. Ресми қорытындысы бірнеше күннен кейін шығады. Себебі пошта арқылы берілген дауысты санауға ұзақ уақыт кетеді, деп хабарлайды Atameken Business.

Пандемияға қарамастан биыл америкалықтар белсенділік танытып, дауыс беру құқы бар 255 млн азаматтың 100 млн-ы пошта арқылы күні бұрын таңдау жасады. Олардың көпшілігі – демократтар. Сондықтан Байден жеңіске жетеді деп болжам жасағандар да болды. Трамп жақтастарының дені кеше және бүгін дауыс берді деген ақпарат бар.

Өткен аптаның басында арнада АҚШ-тағы Президенттік сайлаудың қорытындысы Қазақстанға қай жағынан әсер ететіні сараптап, талқылағанған болатын. Сол кезде экономистер Ресей үшін Дональд Тармптың жеңісі керек десе, саясаттанушылар керісінше, Джо Байденның президент болғаны дұрыс екенін алға тартып, себебін де түсіндірді.

Джо Байденның жеңісі саясаттағы стратегияны өзгерте ме? Кімге оң, кімге кері әсер етеді? Мамандар не дейді?

"Қытай-Қазақстан азық-түлік индустрия кәсіпкерлері" қауымдастығының президенті Кемелхан Әбілеков пен Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Жұмабек Сарабек пікір білдірді:

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу