АҚШ-тағы Президент сайлауы: Камала Харрис өз таңдауын жасады

179

Демократтар атынан үміткер Мичиганда дауыс беру бюллетенін толтырып, Калифорнияға жіберді. 

АҚШ-тағы Президент сайлауы: Камала Харрис өз таңдауын жасады Фото: BBC

АҚШ-тың қазіргі вице-президенті Камала Харрис президенттік сайлауда дауыс берді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

"Мен жаңа ғана бюллетеньімді толтырдым",  – деді Демократиялық партияның атынан жоғарғы лауазымға үміткер Харрис жексенбіде Детройттағы шіркеу қызметіне қатысқаннан кейін журналистерге. 

Бірнеше күн бұрын Харристің әріптесі, қазіргі президент Джозеф Байден де дауыс берді. Ақ үйдің басшысы Делавэр штатында – жеке резиденциясы орналасқан Уилмингтон маңындағы Нью-Кастлдағы учаскеде мерзімінен бұрын дауыс берді. Байден демократтардың жеңісіне үміт білдірді.

АҚШ президентін сайлаудың негізгі күні 5 қарашаға белгіленді. Дегенмен, 25 миллионнан астам адам пошта арқылы немесе мерзімінен бұрын дауыс беріп үлгерген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу