АҚШ-тағы президенттік бәсекеге Майами мэрі қосылды

437

Ол президенттік сайлауға түсу үшін құжаттарды тапсырды.

АҚШ-тағы президенттік бәсекеге Майами мэрі қосылды Фото: google.com

Майами мэрі Фрэнсис Суарес Республикалық партиядан президенттікке кандидатура үшін күреске қатысатынын мәлімдеді, деп хабарлайды CNN.

Кубадан шыққан американлық Суарес 45 жаста. 2017 жылы Майами мэрі болып сайланды, 2021 жылы екінші мерзімге қайта сайланды.

Республикалық партиядан президенттікке үміткер болу ниетін АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп, Флорида штатының губернаторы Рон ДеСантис, АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті Майк Пенс, Оңтүстік Каролина сенаторы Тим Скотт, АҚШ-тың БҰҰ-дағы бұрынғы елшісі Никки Хейли, Солтүстік Дакота штатының губернаторы Дуг Бергум  және Нью-Джерси штатының бұрынғы губернаторы Крис Кристи білдірді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу