АҚШ-тағы сайлау нәтижесінен кейін Иран валютасы қатты құлдырап кетті

178

Сәрсенбіде Иран валютасы тарихи ең төменгі деңгейге дейін құлдырады.

АҚШ-тағы сайлау нәтижесінен кейін Иран валютасы қатты құлдырап кетті Фото: ahid Salemi/ Copyright 2022 The AP

Оған бұрынғы президент Дональд Трамп АҚШ президенттігіне қайта кірісу ықтималдылығы туралы хабарлар әсер еткен, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Таяу Шығыстағы соғыстар әлі де жалғасып жатқандықтан, Трамптың жеңісі Тегеран үшін онсызда қиын өмірді одан әрі күрделендірмек. 

Тегеран саудагерлері риалдың бір долларға шаққанда 703 000 риалға бағаланғанын хабарлады. Курс тәулік ішінде әлі де өзгеруі мүмкін. Иранның орталық банкі нарықты бұрынғыдай бағамды жақсартуға тырысып, қатты валюталармен толтыруы мүмкін.

АҚШ сайлауы туралы хабарлар Тегеран көшелеріндегі халықтың көңіл-күйін түсіргендей көрінді. 

"Ол жүз пайыз санкцияларды күшейтеді. Бізге пайда алып келмейтін бар жаңалықтар өмірімізді одан әрі қиындатады. Экономикамыз бен әлеуметтік жағдайымыз нашарлайтыны сөзсіз", - деді 22 жастағы студент Амир Агаян. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу