АҚШ-тағы сайлау, ОПЕК+ шешімі: Валюта бағамына әсер ететін факторлар айтылды

180

Долларға емес, төл валютаға сүйенген жөн.

АҚШ-тағы сайлау, ОПЕК+ шешімі: Валюта бағамына әсер ететін факторлар айтылды Фото: canva.com

Ұлттық Банк төрағасы Тимур Сүлейменов валюта бағамына әсер ететін екі негізгі макроэкономикалық факторды атады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ұлттық Банк басшысы ел экономикасы мұнайға қатты тәуелді екенін еске салды. 

"Мұнай нарығындағы ахуал тұрақсыз. Соңғы апта ішінде мұнай бағасы барреліне 80 доллардан 71,5 долларға дейін төмендеді. Сондықтан да бұл ұлттық валютамызға әсер етпеуі мүмкін емес. Екіншіден, қазақстандық заңды тұлғалар тарапынан сұраныстың артқанын байқаймыз. Бұл инвестициялық жобаларды іске асыруға байланысты, олар бюджет немесе квазимемлекеттік ұйымдардың қаражаты есебінен қаржыландырылады",  – деді Тимур Сүлейменов Мәжіліс кулуарында.

Айтуынша, теңгенің нығаюы мен әлсіреуі бағытындағы құбылуы байқалады. 

"Біз Қазақстан қор биржасының деректеріне сүйенеміз. Оның негізінде ресми бағам белгіленеді. Ірі дүмпулер болуы мүмкін екенін түсіну керек. АҚШ-тағы сайлау – маңызды макроэкономикалық фактор. Өздеріңізге белгілі, президенттікке үміткерлердің мықты экономикалық бағдарламалары бар. Екіншіден, ОПЕК+ шешімін күту қажет. ОПЕК+ елдері мұнай өндірісін қысқартуға келіскен жағдайда, бұл Қазақстанға оң ықпал етеді. Қандай шешім қабылданатыны белгісіз. Бұл екі негізгі фактор (валюта бағамына) нақты әсер ететін болады",  – деп түсіндірді ол.

Долларға емес, төл валютаға сүйенген жөн, деп есептейді спикер.

"Ол үшін ұлттық экономиканы нығайтып, металл құрастырылымынан бастап бірінші қажеттіліктегі тауарларға дейінгі отандық өнеркәсіпті дамыту керек. Бізде тұтыну құрылымында импорттың көлемі аз болғанда ғана шетелдік валюта бағамдарына айтарлықтай көңіл бөлмейтін боламыз. Бұл оңай шаруа емес. Істеуге қарағанда айту оңай. Десек те, бұл ең жалғыз ұсыным. Импортқа деген тәуелділік айтарлықтай болған жағдайда кәсіпкерлер доллар бағамына қарайтын болады",  – деді Тимур Сүлейменов Мәжіліс кулуарында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу