АҚШ-тағы сайлауға шамамен 16 миллиард доллар жұмсалды

175

Биыл жұмсалған қаражат $15,1 млрд деп бағаланған 2020 жылғы науқанға жұмсалған шығыннан асып түсті. 

АҚШ-тағы сайлауға шамамен 16 миллиард доллар жұмсалды Фото: РИА Новости

АҚШ президентін, сондай-ақ 2024 жылы Конгресстің екі палатасының мүшелерін сайлау науқандарына рекордтық көлемде ақша  – 15,9 миллиард доллар жұмсалды. Мұндай мәліметтерді америкалық OpenSecrets коммерциялық емес ұйымы жариялады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ал 2016 жылы ұйымның мәліметі бойынша, сайлау жарысы "бар болғаны" 6,5 миллиард долларды құрады.

Дегенмен, OpenSecrets мәліметтері бойынша, 2024 жылы Демократиялық партиядан үміткер Камала Харрис оны қолдауға қаражат жинаудағы әрекеттері сәтті болды. Оның науқаны тікелей қайырымдылықтан миллиард доллар жинады, оның 40%-ы кішігірім донаттардан тұратын түсім. Бұған қоса, лобби топтары – Саяси әрекет комитеті (PAC) Харриске 586 миллион доллар бөлді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу