CNN хабарлағандай, Феникстен (Аризона штаты) Гонолулуға (Гавайи) ұшатын Hawaiian Airlines ұшағы қонудан жарты сағат бұрын қатты турбуленттілікке ұшырады. Нәтижесінде кем дегенде 36 адам жарақат алды, деп хабарлайды inbusiness.kz Интерфаксқа сілтеме жасай отырып.
Зардап шеккен 20 адам жедел жәрдем бөлмесіне жеткізілді, 11 адам ауыр жағдайда болды. Ауруханаға жатқызылғандардың арасында 14 айлық бала бар.
Телеарна жолаушылар бастың ауыр жарақаттанып, біраз жерлкрін көгерткенін айтса, ал кейбіреулері есінен танғанын айтады.
Hawaiian Airlines "барлық зардап шеккен жолаушылар мен қызметкерлерге қолдау көрсетеді" және жағдайды бақылайды, деп хабарлады авиакомпания.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу