Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңертеңгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 29 маусымдағы доллардың орташа бағамы 321,43 теңге болды. 28 маусымдағы таңғы сессияның қорытындысымен салыстырғанда, ұлттық валюта 1,51 теңгеге қымбаттады. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.
Теңгенің нығаюына АҚШ жанармай қорының көлемі туралы апталық мәліметтің жариялануы түрткі болды.
Бүгін Астана уақытымен 11:00-де Брент маркалы мұнай құны 0,40 пайызға қымбаттап, 47,73 долларға жетті.
АҚШ энергетика министрлігінің мәліметінше, елдегі жанармай қоры 894 баррельге азайған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу