АҚШ-тағы Жоғарғы палата үшін шайқас демократтардың пайдасына шешілді

470

Демократиялық партия Сенаттағы бақылау басымдығын сақтап қала алды.

АҚШ-тағы Жоғарғы палата үшін шайқас демократтардың пайдасына шешілді

БАҚ Невададағы аралық сайлауда демократ Кэтрин Кортес Масто жеңеді деп болжап отыр.

Палатада бақылау жүргізу үшін күрес әлі де жалғасып жатыр, дегенмен АҚШ президенті, демократ Джо Байден сайлау нәтижелеріне риза екенін мәлімдеді.

Алты жыл бұрын Сенатқа алғаш болып сайланған латынамерикалық Масто республикалықтардың кандидаты Адам Лаксальтты басып озды. Адам Лаксальтты бұрынғы президент Дональд Трамп қолдаған болатын.

Осылайша, қазіргі уақытта Сенатта Демократиялық партия 50 орын, Республикалықтар 49 орынға ие болып отыр.

Дауыс беру нәтижесі әзірге белгісіз жалғыз штат – Джорджия. Онда 6 желтоқсанда Сенат сайлауының екінші кезеңі өтеді. Алайда, республикалықтардың кандидаты Джорджияда жеңіске жетсе де, Сенаттағы тең дауысты АҚШ вице-президенті, демократ Камала Харрис шешеді.

"Мен ризамын және келесі жылдарды асыға күтемін", – деді Джо Байден сайлаудың болжамды нәтижесіне байланысты.

Сенатта бақылау басымдығын сақтау демократтар Байден ұсынған кандидаттарды, соның ішінде федералды судьяларды ресми лауазымдарға бекіте алатынын білдіреді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу