АҚШ Тайваньға әскери көмекті арттырады

549

Қытайдың аралға басып кіруі әбден мүмкін деп таныған АҚШ әскери қажеттіліктерге қосымша қаржы бөлмек. 

АҚШ Тайваньға әскери көмекті арттырады

АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасы сәрсенбіде Республикашыл Майкл Макколдың Тайваньға американдық әскери көмектің қосымша көлемі туралы бастамасын тыңдады. Бұл туралы бүгін, 29 қыркүйекте ТАСС жалпы хабарламаға сілтеме жасап хабарлады.

"Тайвань – АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік саласындағы маңызды серіктесі. Оның демократиялық құрылымына Қытай Коммунистік партиясынан төнетін қауіп деңгейі бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті", деді Маккол.

Ол "аралға басқыншылық жасалмай тұрып одақтасты қаруландыруға" шақырды.

Агенттік хабарлағандай, бастаманы 36 республикашыл қолдады. Яғни Тайваньға келесі бес жыл ішінде әскери қажеттіліктерге 6,5 миллиард долларға дейін қаражат бөлу, бірлескен әскери жаттығулар өткізу, оқ-дәрі жеткізу мен әскери несие беру қарастырылып отыр.

Егер бұл ұсыныс мақұлданса, Сенат Тайваньдағы американдық дипломатиялық миссия басшысының кандидатурасын мақұлдауы керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу