АҚШ Тайванға жақын жерде өз әскерилерін орналастырды

2094

Бірқатар БАҚ Нэнси Пелоси 2 тамызда кешке Тайванға барады деп хабарлады.

АҚШ Тайванға жақын жерде өз әскерилерін орналастырды

АҚШ-тың әскери-теңіз күштері Тайванның шығысында төрт әскери кемені орналастырды, деп хабарлайды inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл шара Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің Тайванға жоспарланған сапарының аясында қабылданып отыр.

"USS Ronald Reagan тасымалдаушысы Оңтүстік Қытай теңізінен өтіп, Тайванның шығысында тұр", – деді АҚШ әскери-теңіз күштерінің өкілі.

South China Morning Post басылымы бұған дейін АҚШ Тайвань бұғазына USS Ronald Reagan тасымалдаушысын және оның зымыран крейсері мен басқарылатын зымырандары бар шабуылдау тобын жібергенін хабарлады.

Қытай да Тайванға жақын орналасқан Фуцзянь провинциясында әскери жаттығулар жүргізді.

Еске сала кетсек,бұған дейін Нэнси Пелоси Азияның бірқатар еліне сапарлай баратынын жариялаған еді. Бұл тізімде Жапония, Оңтүстік Корея, Малайзия және Сингапур бар. Оның Тайванға баратыны ресми хабарланбады, тек бірқатар америкалық БАҚ жариялады.

Егер АҚШ-тың Өкілдер палатасының спикері Тайванға барса, Қытай әскери күш қолданатынын мәлімдеді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу