АҚШ-тан депортацияланған "Samsung Electronics" қызметкеріне үкім шықты

528

АҚШ-тан депортацияланған "Samsung Electronics" қызметкеріне үкім шықты

Бас прокуратура миллиардтаған қаржы ұрлады деген күдікпен "Samsung Electronics" компаниясының бұрынғы қызметкерін АҚШ-тан Қазақстанға қайтару бойынша шаралар қабылдады, деп хабарлайды прокуратураның баспасөз қызметі.

Аталған компанияның бұрынғы қызметкері  Т.Ж. Наурызбаевты елге қайтару Қазақстан Республикасының бас прокуратурасы мен АҚШ әділет департаментінің тергеу федералды бюросы арасындағы ынтымақтастығының нәтижесінде мүмкін болды.

Т.Ж.Наурызбаев 4 млн-нан астам долларды қолды қылған.  

Тараптардың үйлесімді жұмысының арқасында жәбірленуші компанияға қаражатының көп бөлігі (2,7 млн АҚШ доллар) өндірілді.

Өткен жылдың соңында Наурызбаев Қазақстанға АҚШ-тан депортацияланды.

Ол  биылғы жылдың ақпан айында Медеу аудандық сотының үкімімен Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігі 2-тармағымен кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу