АҚШ-тан есірткі заттарын алдырғандар 16,5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды

478

Есірткіні Telegram мессенджері арқылы сатумен айналысқан.

АҚШ-тан есірткі заттарын алдырғандар 16,5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды Фото: tengrinews

Қаржылық мониторинг агенттігі Алматы қаласы бойынша Департаментімен мемлекеттік шекара арқылы есірткі заттарын заңсыз өткізу фактісі бойынша бір топ адамға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Еске сала кетейік, Алматы тұрғыны АҚШ-тан пошта жөнелтілімдерін алу кезінде ұсталған. Одан 649 гр кептірілген марихуана мен 676 гр гашиш есірткі заттары табылып, тәркіленді.

"Тексеру іс-шараларын жүргізу кезінде мемлекеттік шекара арқылы аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз өткізумен және Telegram мессенджері арқылы сатумен айналысқан адамдар тобы анықталды. Сондай-ақ, олардан 705 гр. марихуана мен 1266 гр. гашиш есірткі заттары табылып, тәркіленді. Сот үкімімен жеті кінәлі адам 3 жылдан 16,5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды", - делінген хабарламада.

Қаржылық мониторинг агенттігі қабылдаған шаралардың нәтижесінде АҚШ-тан ҚР-ға есірткі контраба арнасының және Алматы қаласының аумағында есірткіні тарататын бірнеше Telegram-арналардың қызметі жойылды.

"Құрметті ата-аналар! Сізден балаңыздың қарайтын контентіне, оның мінез-құлқына, денсаулығына, айналасына және сатып алуларына назар аударуыңызды сұраймыз. Кез-келген түрдегі немесе мөлшердегі есірткі заттары адам денсаулығына, әсіресе жасөспірімдерге орны толмас зиян келтіреді",- делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу