АҚШ-тан қашқан босқындар Канадаға лап қойды

1036

АҚШ-тан қашқан босқындар Канадаға лап қойды

АҚШ президенті Дональд Трамптың миграциялық жарлығынан қорыққан мигранттар депортациядан қашып, қоныс аударушыларға әлі де түсіністікпен қарайтын көршілес Канаданы сауғалай бастады, деп хабарлайды Росбалт.

Атап айтқанда, бірер күн бұрын 27 адам  америкалық Миннесота штатымен қоңсы жатқан Канаданың Манитоба аймағы шекарасын кесіп өтті. Манитобаның премьер-министрі Брайан Паллистер федералдық билікке жағдайды баяндағанымен, Канада әзірше шекаралық бақылауды күшейтуді көздеп отырған жоқ.

Дегенмен сәбиі бар сириялық жас отбасының бірінің жолы болмай қалды. 15 градустық аязда жаяу жүріп өткен олардың сапары Нью-Йорк штаты мен Канаданың Квебек аймағын кесіп өтпек болған кезінде бөгелді.

Канаданың шекара қызметінің мәліметі бойынша, 2016  жылдың сәуірі мен желтоқсаны аралығына Миннесота мен Манитоба арасындағы шекара арқылы 410 адам өткен. Манитоба билігі болса  аталмыш аймақ "әлемнің түкпір-түкпірінен келетін адамдарға үміт мекені" болуды жалғастыра береді де отыр.

АҚШ-пен арадағы келісімге сәйкес Канада Штаттан келген босқындарды депортациялауға міндетті. Өйткені оларға Америка аумағында ешқандай қауіп-қатер төніп тұрмаған. Дей тұрғанмен заңгерлердің пайымдауынша, бұл келісім Трамптың "Елді шетелдік лаңкестердің кіруінен қорғау туралы" жарлығына байланысты қайта қаралуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу