АҚШ-тан кеткісі келетіндер қатары артқан

676

Гэллап институты жүргізген сауалнама нәтижесі бойынша, АҚШ-тан кеткісі келетін америкалықтардың саны рекордтық көрсеткішке жеткен.

АҚШ-тан кеткісі келетіндер қатары артқан

2017-2018 жылдары америкалықтардың 16% тұрғылықты мекенін ауыстыру үшін басқа елге кеткісі келетінін білдірген. Дегенмен, бұл  әлемдік стандарттармен салыстырмалы түрде алғанда, орташа көрсеткіш, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елден біржола кеткісі келетіндердің ішінде әйелдер жағы басым, олардың 20% осындай ниет танытқан. Ал ерлер арасында бұл көрсеткіш 13% айналасында. Жас ерекшеліктері жағынан алғанда, 30 жасқа толмағандардың 30%-ы, сондай-ақ табысы аз америкалықтардың да шамамен үштен бірі (30%) басқа елден бақыт іздегісі келеді.

Сауалнама нәтижесіне қарағанда, Канадаға көз тіккен америкалықтардың саны бұрынғысынан да артып келеді. 2016 жылы бұл көрсеткіш 12% болса, 2018 жылы Америкадан кеткісі келетіндердің 26%-ын солтүстіктегі көршісі қызықтыра бастаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу