Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында АҚШ-тан ҚР азаматтарының атына халықаралық пошта жөнелтімдері арқылы тұрмыстық өнім ретінде жасырылған есірткі заттары түскені анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
– "Қазпошта" АҚ Астана қаласындағы кедендік бақылау аймағында 1,2 кг гашиш майы тәркіленді. Сонымен қатар, айыпталушының тұрғылықты жерін тінту кезінде Алматыда 4,38 грамм оралған мефедрон табылды, – деп жазды Бас прокуратурадан.
Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты айыпталушыны аса ірі мөлшерде есірткі және психотроптық заттарды контрабандаға және өткізуге кінәлі деп таныды.
Оған 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.